Алматы қ., Республика алаңы, 15
ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00
Динамикалық өсу
Инновациялық шешімдер
Тиімді өнімдер
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ҚАТЫНАСТАР
Мінсіз қызмет

Өмірді сақтандыру – Біздің Компания өзі үшін таңдаған қызмет бағыты болып табылады. Біздің команда әртүрлі жас топтары үшін, жеке тұлғалар мен корпоративтік клиенттер үшін сақтандыру бағдарламаларын әзірледі.  Бұл бағдарламалардың тиімділігі даусыз. Қазақстандағы өмірді сақтандыру нарығында сенімді позициялар дәлел бола алады.

Компания  өмірді отандық сақтандыру нарығында 2012 жылдан бастап бірнеше көрсеткіштер: меншікті капитал, пайда, активтер, төлемдер, сақтандыру резервтері, сақтандыру сыйлықақыларының алымдары бойынша  көш бастап келеді.

S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі компанияға берген «BB+» (болжам тұрақты) деңгейіндегі ұзақ мерзімді рейтингте сенімді позиция туралы айтады.

Компания Ұлттық рейтингте  жоғары  «kzАА» бағасын  алды. Компанияның  тәуекелдерін  АА- (S&P бойынша) рейтингімен ірі еуропалық қоғам  қайта сақтандырады.

Біздің тарихымыз

«NOMAD Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы 2007 жылғы 13 қарашада құрылған.  Біз  «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін 2023 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігі берген № 2.2.15 лицензияның негізінде жүзеге асырамыз (Лицензия алғаш рет 2008 жылғы 28 мамырда алынды).

Сапа менеджменті жүйесі белгіленген стандарттар бойынша сертификатталған, бұл келесі нормативтік: ИСО 9001-2016, OHSAS 18001:2008, ИСО 14001-2016 құжаттармен расталған.

01.03.2023 ж.бастап «Nomad Life» ӨСК АҚ Қазақстан сақтандырушылар қауымдастығының мүшесі болып табылады.

28.09.2018 ж. бастап - АҚ«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры».

05.01.2009 ж. бастап – Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ).

18.09.2018 ж. бастап – Компания Сақтандыру омбудсманының өкілдері кеңесінің құрамына енгізілді.

ҚР 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V «ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңының талаптары күшіне енгеннен кейін 21.07.2013 ж. бастап Компания аталған бірлестіктің мүшесі болып табылады.

26.07.2013 ж. бастап орналастырылған және дауыс беретін акциялардың  100% иеленетін Компанияның жалғыз акционері  «НОМАД» Сақтандыру тобы» ЖШС болып табылады. (Қазақстан Республикасы, Төле би к-сі, 101).

«НОМАД» Сақтандыру тобы» ЖШС-нің  жалғыз қатысушысы А. С. Мыңбаев болып табылады.

Сақтандыру тобына «НОМАД Иншуранс» СК» АҚ тағыда кіреді.