САҚТАУ ЖӘНЕ КӨБЕЙТУ

ZOLOTO NOMADOV

3,41%-ға дейінгі валютадағы салымдар бойынша

Золото номадов

Халықаралық рейтинг туралы

S&P Global Ratings Халықаралық рейтингтік агенттігі «Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ға «ВВ» (болжамы тұрақты) деңгейінде ұзақ мерзімді рейтингті берді. Сонымен қатар Компания «kzАА-» деңгейінде ұлттық шәкілі бойынша рейтингке ие болды.

«Nomad Life» ӨСК» АҚ рейтингтері өмірді сақтандырудың қазақстандық нарығында компанияның тұрақты позицияларын және соңғы бес жылдың ішінде операциялық қызметінің жоғары көрсеткіштерін көрсетеді. Компания Қазақстандағы өмірді сақтандыру нарығында жетекші позициялардың бірін иеленеді және пайда мен табыстылықтың күшті көрсеткіштері бар», –  деп есептейді S&P аналитиктері.

«Біз үшін ірі рейтингтік агенттіктердің бірі S&P Global Ratings рейтингінің берілуі компанияның дамуындағы оң трендті растайтын маңызды оқиға болып табылады және оның іскерлік серіктес ретінде сенімділігінің куәсі болып табылады. Өмірді сақтандыру компанияларының жұмысы ұзақ мерзімді міндеттемелермен байланысты, сондықтан сақтандырушының сенімділігі қаржы институтын таңдау кезінде клиенттер үшін негізгі фактор болып табылады, өйткені олардың жинақтарын сақтауға, көбейтуге және тұрақты болашаққа сенімділікті ұялатады», – деп атап өтті «Nomad Life» ӨСК» АҚ Басқармасының төрағасы Қайрат Чегебаев.

Компания халықаралық рейтинг агенттіктерінің "Үлкен үштігіне" (Standard & Poor's, Moody’s, Fitch Ratings) кіретін агенттіктен өмірді сақтандыру саласында ТМД елдерінің аумағында ең жоғары рейтингке ие болды.

Сонымен қатар, " Nomad Life" ӨСК " АҚ Қазақстанда және Орталық Азиядағы KPMG қолдауымен Forbes Kazakhstan зерттеулеріне сәйкес өмірді сақтандыру компанияларының рейтингісін екі жыл қатарынан басқарып келеді. Қазақстанның қаржы нарығындағы ең жылдам өсіп келе жатқан ойыншылардың бірі және әлеуметтік жауапты бола отырып, Компания саладағы ең үлкен салық төлеуші болып табылады.  

Последнее изменение сделано 18.10.19 10:53 Молдагазиева Гульчохра
 
+
    Золото номадов
$-да жылдық тиімді мөлшерлеме
3,41% дейін*

*Осында және одан әрі «$» сақтандыру Ережелерінің шарттарына сәйкес тиісті операцияны орындаған күні ҚР ҰБ белгіленген АҚШ долларының ресми бағамы бойынша көрсетілген сомаларды қайта есептеу арқылы барлық сомалар АҚШ долларында, ал, «ZOLOTO NOMADOV» сақтандыру өнімі бойынша барлық төлемдер мен аударымдар ҚР ұлттық валютасында көрсетілгенін білдіреді.

ZOLOTO NOMADOV

Өмірді сақтандыруды
инвестициялаңыз!

Толығырақ
Вернуться в начало