Жылдық тіимді мөлшерлеме 3,24%- ға дейін
Кредит қарыз алушыларына

Кредит қарыз алушыларына

«Кредит қарыз алушыларына» — кредит қарыз алушыларының өмірін және еңбекке қабілеттілігін жедел сақтандыру

Кредит қарыз алушының жанұясын күтпеген жағдайлардан қаржылық қолдау. Қарыз алушы қайтыс болған немесе оған мүгедектік тағайындалған жағдайда «НОМАД LIFE»ӨСК» АҚ кредиттік ұйым алдындағы қарызын өтейді.

НЕДЕН САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?

НЕГІЗГІ ҚОРҒАУ

  • Сақтандырылған адамның қайтыс болуы

ҚОСЫМША ҚОРҒАУ

  • І немесе ІІ топтағы мүгедектік тағайындаумен еңбекке қабілеттілігінен айрылу
  • ЖО нәтижесінде І немесе ІІ топтағы мүгедектік тағайындаумен еңбекке қабілеттілігінен айрылу

СІЗДІҢ ПАЙДАҢЫЗ:

Қайтыс болу және еңбекке қабілеттілігінен айрылу тәуекелі өтеледі

Кепілді кредиттер жағдайында сақтандыру полисі қарыз алушының мұрагерлерінің мүліктік құқықтарын қорғайды

Кредиттің қайтарылуына кепіл беріледі

Мүгедектік (І және ІІ топтағы) белгіленген жағдайда, кредит бойынша кезекті жарналардың толық өтелуін қамтамасыз етеді.

БАҒДАРЛАМА ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

1.

СІЗ САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІН ЖАСАСАСЫЗ.

Қажетті қорғауды таңдап

2.

САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН ТӨЛЕГЕННЕН КЕЙІН

шарт күшіне енеді.

3.

НОМАД LIFE САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ЖАЗЫП БЕРЕДІ.

Сақтандыру қорғауын қамтамасыз етеді.

4.

САҚТАНДЫРУ ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛҒАН КЕЗДЕ

НОМАД LIFE Сіз үшін кредит бойынша жарналарды төлейтін болады.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ШАРТТАРЫ:

1. Сақтандыру полисін кредиттік ұйыммен қарыз шартын жасасқан кез келген жеке тұлға сатып ала алады.

2. Сақтандыру шарты психикалық аурулармен, ауыр неврологиялық аурулармен немесе жүрек-тамыр жүйесінің ауруларымен, онкологиялық аурулармен ауыратын адамдармен, ЖИТС, АИВ-инфекциясын таратушылармен, І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектермен, сондай-ақ 70 жасқа толған адамдарға қатысты жасалмайды.

3. Қосымша өтемдерге қатысты толық 63 жасқа (еркектер үшін), 58 жасқа (әйелдер үшін) жеткен адамдар сақтандырылуға жатпайды.

ЖҮКТЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

ТӨЛЕМДЕР МӨЛШЕРІ:

1. Сақтандырылушының қайтыс болуы –сақтандыру оқиғасы басталған кезде сақтандыру төлемін Сақтандырушы Пайда алушыға (кредиттік ұйымға) бірден жүзеге асырады. Сақтандыру төлемінің мөлшері Сақтандырылған қарыз алушының кредиттік ұйым алдындағы нақты берешегінің (негізгі қарыздың) мөлшеріне тең.

2. Сақтандырылушыға І немесе ІІ топтағы мүгедектікті берумен еңбекке қабілеттілігінен айрылу кезінде Сақтандырушы төлем тәртібі Сақтандырылушы және кредиттік ұйым арасында жасасқан қарыз шартының талаптарына сәйкес төлемдерді төлеу тәртібіне сәйкес келетін мерзімді төлемдер түрінде Сақтандырылушыға белгіленген мүгедектік мерзімі ішінде сақтандыру төлемін жүргізеді.

3. Сақтандырылушыға мерзімі жоқ І немесе ІІ топтағы мүгедектікті берумен еңбекке қабілеттілігінен айрылу белгіленген жағдайда, Сақтандырушы қарыз шарты бойынша сақтандырылушының (қарыз алушының) қалған берешегі (негізгі қарыз) мөлшерінен шыға отырып, Пайда алушыға сақтандыру төлемін бірден жүзеге асырады.

 
+
    Золото номадов
$-да жылдық тиімді мөлшерлеме
3,26% дейін*

*Осында және одан әрі «$» сақтандыру Ережелерінің шарттарына сәйкес тиісті операцияны орындаған күні ҚР ҰБ белгіленген АҚШ долларының ресми бағамы бойынша көрсетілген сомаларды қайта есептеу арқылы барлық сомалар АҚШ долларында, ал, «ЗОЛОТО НОМАДОВ» сақтандыру өнімі бойынша барлық төлемдер мен аударымдар ҚР ұлттық валютасында көрсетілгенін білдіреді.

ЗОЛОТО НОМАДОВ

Өмірді сақтандыруды
инвестициялаңыз!

Толығырақ
Вернуться в начало