Жылдық тіимді мөлшерлеме 3,24%- ға дейін
Менің жылдарым – менің байлығым

Менің жылдарым – менің байлығым

«Менің жылдарым – менің байлығым» — Қазақстан Республикасындағы зейнетақылық қамтамасыз ету туралы» Заң аясында зейнетақылық сақтандыру.

Зейнетақы аннуитеті – зейнетақы түріндегі өмірлік мерзімді сақтандыру төлемдері. 

СІЗДІҢ ПАЙДАҢЫЗ:

50 жастан бастап зейнетақы алу мүмкіндігі.

Өмір бойы зейнетақы алу мүмкіндігі.

Кепілденген мерзім аралығында мұрагерлердің төлемдерді алу мүмкіндігі.

ШАРТ ҚАЛАЙ ӘРЕКЕТ ЕТЕДІ?

1.

СІЗ ШАРТТЫ ЖАСАСУҒА ӨТІНІШТІ ҰСЫНАСЫЗ

Зейнетақы аннуитет шартына қол қоясыз.

2.

10 КҮНТІЗБЕЛІК КҮН ІШІНДЕ СІЗ БЖЗҚ ХАБАРДАР ЕТІП,

зейнетақы аннуитет шартының бір данасын ұсыну қажет

3.

Сіздің хабарламаңыздан кейін

5 ЖҰМЫС КҮН ІШІНДЕ

БЖЗҚ Nomad Life-қа шартта көрсетілген жинақ сомасын бірден аударады.

4.

Nomad Life САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ

 

ШАРТТЫҢ ТҮРЛЕРІ:

Бағдарлама I.Төлемдердің кепілді мерзімінсіз өмірбойлық шарт

  • Шартты бекіту үшін қажетті Зейнетақы жинақтарының барлық сомасы немесе оның шартты бекітуге жеткілікті бөлігі зейнетақы қорынан «Nomad Life» ӨСК» АҚ-на аударылады;
  • Төлемдер Сізге өмір бойы ай сайын төленіп тұрады.

Бұл бағдарлама мұрагерлері жоқтарға лайықты.

Бағдарлама II.Төлемдердің кепілді мерзімімен өмірбойлық шарт.

  • Шартты бекіту үшін қажетті Зейнетақы жинақтарының барлық сомасы немесе оның шартты бекітуге жеткілікті бөлігі зейнетақы қорынан «Nomad Life» ӨСК» АҚ-на аударылады;
  • Төлемдер Сізге өмір бойы ай сайын төленіп тұрады;
  • Сақтанушы қайтыс болған жағдайда зейнетақылық аннуитет шарты бойынша төлемдер зейнетақылық аннуитет шартында көрсетілген мұрагерге кепілді мерзім аралығында төленіп тұрады.

ШАРТТЫ БЕКІТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ:

Сіз зейнетақы аннуитеттік сақтандыруды пайдалана аласыз, егер Сіз:

1. 55 жасқа (ерлер үшін) / 51 жасқа (әйелдер үшін) толған болсаңыз және Сіздің зейнетақы жинақтарының мөлшері кемінде 9 805 488 теңгені (ерлер үшін) және 13 427 843 теңгені (әйелдер үшін) құрайтын болса;

2. зейнетке шығып, зейнетақы қорында 7 864 322 теңгеден артық (ерлер үшін) және 11 109 709 теңгеден артық (әйелдер үшін) соманы жинақтасаңыз;

3. егер Сізге міндетті зейнетақы жарналар (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналар (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі кезінде І және ІІ топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген болса;

4. 50 жасқа толып, сәйкес қаржы жылына қабылданған республикалық бюджет жөніндегі заңмен белгіленген минималды зейнетақыдан төмен емес төлемді қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігімен Сіз үшін жиынтықта кем дегенде 60 күнтізбелік ай үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген болса;

5. зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының жеткіліксіздігімен ерікті зейнетақы жинақтары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарыңыз бар болса: ерлер 63 жасқа және әйелдер 59 жасқа толған кезде, немесе егер І және ІІ топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген болса*.

*Осы тармақта көрсетілген тұлғалардың зейнетақы жинақтарының сомасы ӨСК-мен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан асатын болса, бұл айырмашылық салымшыға (алушыға) Заңмен белгіленген тәртіпте ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде БЖЗҚ-дан төленеді немесе аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері мен сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерін ұлғайту бөлігінде қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістерді енгізу немесе ӨСК-мен басқа зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін салымшымен (алушымен) зейнетақы пайдаланылады.

ЖҮКТЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

САҚТАНДЫРУ ТАРИФТЕРI  

САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ШАРТТАРЫ:

1.Сақтандыру компаниясы Клиентке төлейтін тұрақты мерзімді төлемдердің (аннуитетті төлемдер) көлемі Клиенттің зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты. Алайда, ай сайынғы төлем (Заң бойынша), шартты бекіту мерзіміне ҚР заңнамасымен бекітілген минималды зейнетақы көлемінен аз болмауы тиіс, («Қазақстан Республикасындағы зейнетақылық қамтамасыз ету туралы» Заңының 60 бабында көрсетілген тұлғалардан басқа).

2."2019-2021 жж. Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес 2019 ж. 1 қаңтар айынан бастап ҚР минималды зейнетақы 36 108 теңгені құрайды.

3.Төлемдер ай сайын төленіп тұрады.

 

Последнее изменение сделано 07.06.19 10:34 Молдагазиева Гульчохра
 
+
    Золото номадов
$-да жылдық тиімді мөлшерлеме
3,41% дейін*

*Осында және одан әрі «$» сақтандыру Ережелерінің шарттарына сәйкес тиісті операцияны орындаған күні ҚР ҰБ белгіленген АҚШ долларының ресми бағамы бойынша көрсетілген сомаларды қайта есептеу арқылы барлық сомалар АҚШ долларында, ал, «ZOLOTO NOMADOV» сақтандыру өнімі бойынша барлық төлемдер мен аударымдар ҚР ұлттық валютасында көрсетілгенін білдіреді.

ZOLOTO NOMADOV

Өмірді сақтандыруды
инвестициялаңыз!

Толығырақ
Вернуться в начало