Жылдық тіимді мөлшерлеме 3,24%- ға дейін
Заңды тұлғалар үшін аннуитеттік сақтандыру

Заңды тұлғалар үшін аннуитеттік сақтандыру

"Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аннуитеттік сақтандыру

Осы аннуитеттік сақтандыру бағдарламасы «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.

СІЗДІҢ ПАЙДАҢЫЗ:

Өмірді сақтандыру нарығының көшбасшысы беретін сақтандыру қорғауы.

Қызметкердің және оның жанұясының мүліктік мүдделерін қорғау.

Жұмыс берушінің қызметкерлер мен оның асырауындағы адамдары алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі.

Сақтандыру төлемінің кепілі.

Сақтандыру тарифтерінің ең тиімділерінің бірі.

ШАРТ ҚАЛАЙ ӘРЕКЕТ ЕТЕДІ?

1.

СІЗ АННУИТЕТТІК САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ЖАСАСАСЫЗ.

Егер кәсіпорында қызметкердің кәсіби еңбекке қабілеттілігінен айрылуына немесе қайтыс болуына әкеп соққан жазатайым оқиға болса

2.

Nomad Life САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫНЫҢ МӨЛШЕРІН ЕСЕПТЕЙДІ,

шартқа қол қою үшін қажетті барлық құжаттарды дайындайды

3.

АННУИТЕТТІК САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНА ҚОЛ ҚОЯМЫЗ.

4.

Nomad Life зардап шеккен қызметкерге/оның заңды мұрагерлеріне ең қысқа мерзімде

САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ

 

Nomad Life-пен жасасқан ЖОҚМС шарты бойынша сақтандыру оқиғасы басталған кезде, қызметкердің шығындалған табысын өтеу мақсатында төлемдерді жүзеге асыру үшін аннуитет шарты тек Nomad Life-пен ғана жасалады.

САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ШАРТТАРЫ:

  • Қызметкерге кәсіби еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі бір жылдан кем мерзімге белгіленумен байланысты біздің Компаниямен жасасқан аннуитет шарты негізінде ай сайын жүзеге асырылады. Бұл ретте сақтандыру төлемі барлық көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін жеті жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.
  • Қызметкерге кәсіби еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі бір жыл және одан көп мерзімге белгіленумен байланысты, - біздің Компаниямен жасасқан аннуитет шартына сәйкес қызметкерге кәсіби еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі белгіленген немесе ұзартылған (қайта куәландырылған) мерзімге тең мерзім ішінде, бірақ қызметкер Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасымен белгіленген зейнетақы жасына жеткен мерзімнен аспайтын мерзім ішінде қызметкердің пайдасына төленетін аннуитеттік төлемдер түрінде жүзеге асырылады.
  • Жазатайым оқиға басталған кезде, сондай-ақ орын алған жазатайым оқиға салдарынан денсаулығының нашарлауы себебі бойынша қызметкердің қайтыс болуымен байланысты зиянды өтеу бойынша – біздің Компаниямен жасасқан аннуитет шартына сәйкес Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен белгіленген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянның өтелуіне құқығы бар адамдардың пайдасына аннуитеттік төлемдер түрінде.
  • Қызметкерге кәсіби еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі белгіленген жағдайда оның денсаулығына келтірілген зияннан болған шығындарды өтеу бойынша – мына мөлшерлерде (республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген тиісті қаржы жылына айлық есептік көрсеткіштерде) жүзеге асырылады:
    1. 30 бастап 59 пайызды қоса алғанда кәсіби еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеу кезінде - 500;
    2. 60 бастап 89 пайызды қоса алғанда кәсіби еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеу кезінде - 750;
    3. 90 бастап 100 пайызды қоса алғанда кәсіби еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеу кезінде - 1 000.
  • Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған жағдайда, оны жерлеуді жүзеге асырған адамға жерлеу шығындары жүз айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде өтеледі.

ЖҮКТЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

САҚТАНДЫРУ ТАРИФТЕРI  
Последнее изменение сделано 15.02.19 20:39 Молдагазиева Гульчохра
 
+
    Золото номадов
$-да жылдық тиімді мөлшерлеме
3,41% дейін*

*Осында және одан әрі «$» сақтандыру Ережелерінің шарттарына сәйкес тиісті операцияны орындаған күні ҚР ҰБ белгіленген АҚШ долларының ресми бағамы бойынша көрсетілген сомаларды қайта есептеу арқылы барлық сомалар АҚШ долларында, ал, «ЗОЛОТО НОМАДОВ» сақтандыру өнімі бойынша барлық төлемдер мен аударымдар ҚР ұлттық валютасында көрсетілгенін білдіреді.

ЗОЛОТО НОМАДОВ

Өмірді сақтандыруды
инвестициялаңыз!

Толығырақ
Вернуться в начало