Жылдық тіимді мөлшерлеме 3,24%- ға дейін
Қызметкерлерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру

Қызметкерлерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру

«Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті сақтандыру.

 

САҚТАНДЫРУДЫҢ ОСЫ ТҮРІ БОЙЫНША ШАРТТЫ ЖАСАСУ ЖҰМЫС БЕРУШІ ҮШІН МІНДЕТТІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi тұлғаның мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 230 бабы 2 тармағына сәйкес мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

жеке тұлғаларға

20 АЕК

лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға

160 АЕК

орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне

400 АЕК

ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне

1 000 АЕК

СІЗДІҢ ПАЙДАҢЫЗ:

Қызметкерлер мен оның асырауындағылар алдындағы жұмыс берушінің әлеуметтік жауапкершілігі

Қызметкердің мүліктік мүддесін және отбасын қорғау.

Сақтандыру төлемдерінің кепілдігі.

ШАРТ ҚАЛАЙ ӘРЕКЕТ ЕТЕДІ?

1.

САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН ЕСЕПТЕУ ҮШІН СІЗ МӘЛІМЕТТЕРДІ ҰСЫНАСЫЗ

Бұл үшін Сіз мынадай ақпаратты көрсетуңіз қажет:

қызметкерлердің саны және жылдық еңбекке ақы төлеу қоры;

кәсіпорын қызметінің түрі;

соңғы бес жылдың ішінде жазатайым жағдайлардың болуы.

2.

БІЗ САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН ШАРТ БОЙЫНША ЕСЕПТЕЙМІЗ

Біз есептелген сақтандыру сыйлықақысы бойынша ақпаратты ұсынамыз.

3.

САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНА ҚОЛ ҚОЯМЫЗ.

Біз ақпаратты қабылдаймыз және шартты ресімдейміз, ол шартқа қол қою қажет және сақтандыру сыйлықақысын төлеуге шотты ұсынамыз.

4.

ШАРТ БОЙЫНША САҚТАНДЫРУ АРҚЫЛЫ ҚОРҒАУДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Сақтандыру арқылы қорғау шарттың талаптарына сәйкес сақтандыру сыйлықақысын төлегеннен кейін қолданылады.

ШАРТ ҚАНДАЙ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ӨТЕЙДІ?

  • Қызметкердің қайтыс болуы;
  • Қызметкердің кәсіби еңбекке жарамдылығынан айрылуы;
  • Кәсіби ауру

ШАРТТЫ БЕКІТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ:

1. Қызметкерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шартын кез-келген жұмыс беруші немесе оның өкілі «Nomad Life» ӨСК» АҚ-ына жүгініп, рәсімдей алады.

2. Сақтандыру сыйақысын және сақтандыру сомасын есептеу үшін персоналдың тиісті категориясы бойынша еңбекақы қорын ұсыну қажет, онда барлық қызметкерлердің еңбекақысының жылдық қорының сомасы көрсетілуі тиіс. Сақтандыру тарифі экономикалық қызмет түріне, кәсіби тәуекел класына және персоналдың категориясына байланысты.

ЖҮКТЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ САҚТАНДЫРУ ТАРИФТЕРІ

САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ШАРТТАРЫ:

  • Қызметкерге кәсіби еңбекке жарамдылығынан айрылу дәрежесі бір жылдан кем мерзімге белгіленуіне байланысты, біздің Компаниямен жасалған аннуитет шарты негізінде ай сайын жүзеге асырылады. Бұл ретте бірінші сақтандыру төлемі барлық көзделген құжаттарды ұсынған сәттен бастап жеті жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.
  • Қызметкерге кәсіби еңбекке жарамдылығынан айрылу дәрежесі бір жыл және одан көп мерзімге белгіленуіне байланысты, біздің Компаниямен жасалған аннуитет шарты негізінде кәсіби еңбекке жарамдылығынан айрылу дәрежесін белгілеу не ұзарту (қайта куәландыру) мерзіміне тең, бірақ қызметкердің Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасымен белгіленген зейнеткерлік жасқа жету мерзімінен астам емес мерзімге тең мерзімі ішінде қызметкердің пайдасына аннуитеттік төлемдер түрінде жүзеге асырылады.
  • Жазатайым оқиға орын алған кезде қызметкердің қайтыс болуымен байланысты, сондай-ақ орын алған жазатайым оқиға салдарынан оның денсаулығының нашарлауы себебі бойынша шығынды өтеу бойынша - біздің Компаниямен жасалған аннуитет шартына сәйкес Қазақстан Республикасының Азаматтың кодексімен белгіленген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығынды өтеуге құқығы бар адамдардың пайдасына аннуитеттік төлемдер түрінде жүзеге асырылады.
  • Қызметкерге кәсіби еңбекке жарамдылығынан айрылу дәрежесі белгіленген жағдайда қызметкердің денсаулығына келтірілгеннен зақымнан туындаған шығындарды өтеу бойынша- мына көлемде жүзеге асырылады (тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштерде):
    1. кәсіби еңбекке жарамдылығынан айрылу дәрежесін 30 бастап 59 пайызды қоса алғанда белгіленген кезде - 500;
    2. кәсіби еңбекке жарамдылығынан айрылу дәрежесін 60 бастап 89 пайызды қоса алғанда белгіленген кезде - 750;
    3. кәсіби еңбекке жарамдылығынан айрылу дәрежесін 90 бастап 100 пайызды қоса алғанда белгіленген кезде - 1 000.
  • Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған жағдайда, оны жерлеуді жүзеге асырған адамға жерлеу шығындары жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтеледі.
Последнее изменение сделано 14.01.19 13:20 Молдагазиева Гульчохра
 
+
    Золото номадов
$-да жылдық тиімді мөлшерлеме
3,26% дейін*

*Осында және одан әрі «$» сақтандыру Ережелерінің шарттарына сәйкес тиісті операцияны орындаған күні ҚР ҰБ белгіленген АҚШ долларының ресми бағамы бойынша көрсетілген сомаларды қайта есептеу арқылы барлық сомалар АҚШ долларында, ал, «ЗОЛОТО НОМАДОВ» сақтандыру өнімі бойынша барлық төлемдер мен аударымдар ҚР ұлттық валютасында көрсетілгенін білдіреді.

ЗОЛОТО НОМАДОВ

Өмірді сақтандыруды
инвестициялаңыз!

Толығырақ
Вернуться в начало