Клиентті қолдау

ТӨЛЕМДЕРДІ АЛУҒА АРНАЛҒАН БАЙЛАНЫСТАР

барлық сұрақтар телефон арқылы:

+7 (727) 320 10 60 (61)

Алматы қ., Республика алаңы, 15 1,3 қабат

Факс: 320 10 59

dinara@nomadlife.kz

Сақтандыру жарналарын төлеу

Толығырақ
  • Жинақтық сақтандыру бойынша
  • Зейнетақы сақтандыру бойынша
  • Қызметкерді міндетті сақтандыру бойынша
  • Жинақтық сақтандыру шарты әрекет еткен кезеңде оған қандай өзгерістер енгізуге болады?
    Нақты сақтандыру бағдарламасының ережелерімен көзделген өзгерістер мен толықтырулар Сақтанушыдан алынған өтініш негізінде жүзеге асырылып, осындай өзгеріске (толықтыруға) Сақтандырушының келісімімен жаңартылған сақтандыру полисін және/немесе оған қосымшаларды беру жолымен жазбаша түрде ресімделеді.

    Сақтандыру шарты әрекет еткен кезең ішінде:

    • сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін және/немесе төлеу тәртібін өзгерту - сақтандыру полисінің жылдығына;
    • сақтандыру мерзімін (жинақтау кезеңін) өзгерту - сақтандыру полисінің жылдығына;
    • қосымша өтемді (дерді) қосу/алып тастау - сақтандыру полисінің жылдығына;
    • Сақтанушыны, Сақтандырылған адамды және/немесе Пайда алушыны (ларды) ауыстыруды жүзеге асыру;
    • аннуитеттік төлемдердің мөлшерін, тәртібі және мерзімін өзгерту - сақтандыру полисінің жылдығына мүмкін.

    Өзгерістер қолданыстағы сақтандыру шартына енгізіледі (яғни сақтандыру жарналары бойынша мерзімін өткізіп алу болмаған кезде).

    Сақтандыру полисін жоғалтып алған кезде не істеу керек?

    Сақтандыру полисінің түпнұсқасын жоғалтқан жағдайда:

    Телнұсқа сақтандыру полисі бойынша берешек болмаған кезде беріледі, яғни сақтандыру полисі жарамды болуы тиіс.

    Жинақтық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзған жағдайда қандай соманы алуға болады? Шартты мерзімінен бұрын бұзу неге тиімді емес?

    Сақтанушының сақтандыру шартын кез келген уақытта бұзуға құқығы бар. Бұл ретте, егер Сақтанушы оны сақтандыру полисіне қол қойған күннен бастап 30 күн ішінде бұзса, онда Компания нақты сақтандыру бағдарламасының Сақтандыру ережелерімен көзделген шарттарға байланысты сақтандыру сыйлықақысын немесе оның бөлігін қайтаруды жүзеге асырады.

    Сақтандыру шарты жоғарыда аталған мерзім өткеннен кейін бұзылған жағдайда, Сақтанушының, олар болған жағдайда, сатып алу сомасын және бонустық сатып алу сомасын алуға құқығы бар.

    Сатып алу сомасының мөлшері сақтандыру жылдарының санына тәуелді және жинақтау кезеңінде әр сақтандыру жылы аяқталған күнге сақтандыру полисінде көрсетіледі. Бұл ретте есепке сақтандырудың толық өткен жылдарының саны алынады.Сақтандыру шарты әрекет еткен бірінші жылдың аяғында сатып алу сомасының болуы көзделмеген.

    Бонустық сатып алу сомасының есебі Компанияның ішкі құжаттары мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

    Жинақтау кезеңінде сақтандыру шартын бұзу Сақтанушы үшін (әсіресе сақтандырудың бірінші жылдарында) әдетте сатып алу сомасының мөлшері төленген жарналардың сомасынан кем болғандықтан тиімсіз.Сақтанушы сақтандыру шартын қашан шығынсыз бұзуға болатынын, яғни сақтандырудың қай жылында сатып алу сомасының мөлшері төленген сақтандыру жарналарының сомасынан көбірек болатынын өз бетінше анықтай алады.

    Кезекті сақтандыру жарнасының мерзімін өткізіп алған жағдайда қандай салдарлар туындауы мүмкін?

    Сақтандыру ережелеріне сәйкес Сақтанушыға сақтандыру сыйлықақысын төлеу бойынша мерзімін ұзарту кезеңі (30 күнтізбелік күн) беріледі. Сақтандыру оқиғасы мерзімін ұзарту кезеңінде туындаған жағдайда, Компания сақтандыру төлемін берешек сомасын ұстап қалумен жүзеге асырады (яғни сақтандыру қорғауы толық көлемде әрекет етеді).

    Егер мерзімін ұзарту кезеңі өткеннен кейін Компания мерзімі өткен сақтандыру жарнасын алмаған жағдайда, онда сақтандыру шарты не өз әрекет етуін тоқтатады не өз әрекетін төленген сақтандыру полисі ретінде жалғастырады (мерзімін ұзарту кезеңі аяқталған күнге сатып алу сомасы болған жағдайда). Бұл ретте сақтандыру сомасы азайтылады. Сатып алу сомасының және азайтылған сақтандыру сомасының көлемі сақтандырудың әр жылына сақтандыру полисінде көрсетілген.

    Сақтанушының мерзімі өткен сақтандыру жарналарының және өтемпұл сомасының көлеміндегі берешекті төлей отырып, бір жыл ішінде (мерзімін ұзарту кезеңі аяқталған күннен бастап) сақтандыру шартының әрекет етуін қалпына келтіруге құқығы бар. Бұл ретте Сақтанушыға Компанияға қалпына келтіруге құжаттар пакетін ұсыну қажет.

    Менде уақытша кезекті сақтандыру жарнасын төлеуге қаражатым болмаса, бірақ мен сақтандыру қорғауын сақтап қалғым келеді. Осы жағдайдан қалай шығуға болады?

    Бұл жағдайда клиентке осы мәселені шешудің мынадай үлгілерін ұсынуға болады:

    Алдын ала (яғни жылдық туындаған кезге дейін) сақтандыру жарнасының мөлшерін азайтуға және/немесе сақтандыру жарнасын төлеу тәртібін өзгертуге өтінішпен жүгіну. Бұдан кейін Сақтанушыда сақтандыру жарнасының мөлшерін ұлғайту бойынша өзгерістерді енгізуге мүмкіндігі бар (сақтандыру шартының жылдығына).

    Сақтандыру шартымен сақтандыру шарты әрекет ететін және Компания осы мерзімін ұзарту кезеңінде болған сақтандыру оқиғасы бойынша жауапкершілікті көтеретін мерзімін ұзарту кезеңі (мерзімі өткен жарна күнінен бастап 30 күнтізбелік күн) барын ескеру.

    Компанияға сақтандыру жарнасын төлеу бойынша қосымша мерзімін ұзарту кезеңін ұсынуға өтінішпен жүгіну.

    Мерзімін ұзарту кезеңі өткеннен кейін (сақтандыру жарналары бойынша берешекті төлемеген жағдайда) сатып алу сомасы бар болған кезде сақтандыру шарты азайтылған сақтандыру сомасына әрекет етеді, яғни өз әрекет етуін Төленген сақтандыру полисі ретінде жалғастырады. Бұл жағдайда Сақтанушы кейінгі сақтандыру жарналарын төлеу бойынша міндеттемеден босатылады. Бұл ретте Төленген сақтандыру полисі табысқа одан әрі қатысу құқығын сақтайды. Кейін Сақтанушы сақтандыру шартының әрекет етуін қалпына келтіруді жүзеге асыра алады.

    Қарыз сомасын ескерумен айқындалатын мерзімге сақтандыру шарты бойынша кезекті сақтандыру жарналарын төлеу бойынша мерзімін ұзарту түріндегі қарызды (сатып алу сомасының шегінде) алу.

    Сақтандыру дивидендтерін есептеу шарттары мен тәртібі қандай?

    Жыл сайын, сақтандырудың үшінші жылынан бастап, Компания қолданыстағы Сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру дивидендтері түрінде кейін бөлінуге жататын пайда сомасын айқындайды. Бұл ретте Төленген сақтандыру полистеріне ауыстырылған Сақтандыру шарттарының пайдаға қатысуға құқығы сақталады. Сақтандыру дивидендтері Сақтандыру полисінің жылдығына есептеледі. Қолданыстағы Сақтандыру шарттары арасында бөлінетін пайданың көлемі туралы шешім Компания Директорларының кеңесімен қабылданады.

    !Сақтандыру дивидендтері жинақтау кезеңінде, сондай-ақ төлем кезеңінде де есептеледі.

    Сақтандыру шарты бойынша есептелген сақтандыру дивидендтері бонустық сақтандыру сомасының шамасына қосымша сақтандыру қорғауын сатып алуға арналған біржолғы жарна түрінде пайдаланылады.

    Бонустық сақтандыру сомасының, бонустық аннуитеттік төлемнің, сондай-ақ бонустық сатып алу сомасының көлемін есептеу қызметі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен реттелетін Компанияның лицензияланған актуариімен жүргізіледі.

    Сақтандыру оқиғасы кезінде, соның ішінде сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін жеткен жағдайда, бонустық сақтандыру сомасы Сақтандыру шартында аталған кепілді сақтандыру сомасына қосымша төленеді.

    Компания Сақтандыру полисінің үшінші жылдығынан бастап әр жыл сайын Сақтанушыға есептелген сақтандыру дивидендінің, бонустық сақтандыру сомасының, бонустық аннуитеттік төлемнің және бонустық сатып алу сомасының мөлшері аталған хабарлама-хатты жібереді. Осы хабарлама-хат Сақтандыру шартының ажыратылмас бөлігі болып табылады.

    Шартты бұзбай, ақшаны қалай алуға болады?

    Сақтанушы өмірді жинақтық сақтандыру шарты бойынша өз полисін кепілге қойып, Компаниядан жеңілдікті қарызды ресімдей алады. Қарыз сомасы сатып алу сомасының мөлшерінен артпайды. Сатып алу сомасының мөлшері полисте көрсетілген (сатып алу және азайтылған сомалардың кестесі), жыл сайын сатып алу сомасы өседі. Компания өтінішті қарау үшін комиссияны алмайды, клиент қарызды ресімдеу үшін қосымша шығындарды жүзеге асырмайды. Бұл ретте, сақтандыру шарты жарамды болып қала береді, яғни клиент сақтандыру қорғауы астында болады. Қарыз бір жыл мерзіміне ресімделеді, өтеу кезеңділігін клиент өз бетінше таңдайды (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылда бір рет және бір жола, яғни бір жылдан кейін).

    Қарыз алу шарттары өте қарапайым:

    • Компанияға қарыз алуға өтінішті, жеке куәлігінің көшірмесін, дербес/карточкалық шоттың банктің деректемелерін және полистің түпнұсқасын ұсыну қажет;
    • Екі жақты қарыз шартына қол қою қажет;
    • Бірнеше күннен кейін шоттан қалаған сомаңызды аласыз.
  • Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адамның оны мерзімінен бұрын бұзуға құқығы бар ма? ӨСК шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда барлық жинақ сомасын қолға алуға бола ма?

    Шартты жасасқан адам оны жасасқан күннен бастап 2 жыл ішінде шартты бұзуға құқылы емес.

    Шартты мерзімінен бұрын бұзу басқа сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу шартымен мүмкін.

    Мерзімімен бұрын бұзу кезінде Сақтандырушы Сақтанушының берешегін шегерумен сатып алу сомасын жаңа Зейнетақы аннуитеті шартында аталған сақтандыру ұйымына аударуға міндетті. Зейнетақы аннуитеті шартын мерзімінен бұрын бұзған кезде онымен көзделген сатып алу сомасы жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерін және Сақтандырушының істі жүргізуге сақтандыру сыйлықақысының сомасынан 3 % мөлшеріндегі шығындары сомасын шегерумен төленген сақтандыру сыйлықақысының сомасынан кем болмауы тиіс. Осылайша, Зейнетақы аннуитеті шартын мерзімінен бұрын бұзу тек Сақтанушы басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда ғана мүмкін. Бұл ретте, Сақтанушы ақшаны қолына алмайды.

    Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлерінің төлемдерді алуы мүмкін бе?

    Егер Сақтанушы Шартпен көзделген кепілді сақтандыру төлемдерін толық көлемде алмаса не мүлдем алмаса, Сақтанушы қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлерінің Сақтандырушымен төленбеген кепілді сақтандыру төлемдерін алуға құқығы бар.

  • Қызметкерлердің саны немесе еңбекке ақы төлеу қоры өзгерген жағдайда сақтандыру шартын қайта жасасу қажет пе?

    Егер сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде еңбекке ақы төлеу қоры және (немесе) қызметкерлердің саны өзгерсе, онда тараптардың келісімі бойынша сақтандыру шартына негізгі шарттың қолданылу кезеңіне қосымша келісімді жасасу жолымен өзгерістер (сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысы сомасының мөлшері бөлігінде) енгізіледі.

    Сақтандыру сыйлықақысы еңбекке ақы төлеу қорының өзгеруі сомасынан және негізгі шарттың аяқталуына дейін қалған мерзімнен шыға отырып есептелінеді. Сақтандыру тарифі сақтандыру шарты (негізгі шарт) жасасқан тарифтен қалған сақтандыру кезеңіне бара-бар есептелінеді.

    Егер компания кәсіби тәуекелдің әртүрлі сыныбына жататын қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырса, бұл жағдайда сыйлықақыны есептеу қалай жүргізіледі?

    Сақтанушы экономикалық қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда, ол өзінің негізгі қызметі түріне сәйкес келетін кәсіптік тәуекел сыныбына жатқызылуға тиіс.

    Сақтанушы өндiрiстiң жалпы көлемiнде тең бөлінген экономикалық қызметтің бірнеше түрiн жүзеге асырған жағдайда, ол кәсiптiк тәуекелдiң неғұрлым жоғары сыныбы сәйкес келетiн экономикалық қызмет түрiне жатқызылуға тиiс.

    Компанияның филиалдары бас компанияның қызметінен ерекшеленетін қызметті жүзеге асырған жағдайда сыйлықақы қалай есептеледі?

    Сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған жағдайда, ол өзінің кәсіптік тәуекел сыныбы сәйкес келетін экономикалық қызмет түріне жатқызылуға

    Бұл ретте, филиалда (филиалдарда) өзі (өздері) жүзеге асыратын экономикалық қызмет түрі туралы растауы болуға тиіс

    Қандай кәсіпорындар өз қызметкерлерін өндірістегі жазатайым оқиғадан сақтандыруға міндетті?

    Сақтандырудың осы түрі, мемлекеттік мекемелерден басқа, барлық жұмыс берушілер үшін сақтандырудың міндетті түрі болып табылады.

    Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi тұлғаның мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 175 бабы 2 тармағына сәйкес –

    • жеке тұлғаларға – 20 АЕК,
    • лауазымды адамдарға, жеке кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына — 100 АЕК,
    • шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға — 400 АЕК,
    • ірі кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – 1000 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
+
    Золото номадов
$-да жылдық тиімді мөлшерлеме
3,26% дейін*

*Осында және одан әрі «$» сақтандыру Ережелерінің шарттарына сәйкес тиісті операцияны орындаған күні ҚР ҰБ белгіленген АҚШ долларының ресми бағамы бойынша көрсетілген сомаларды қайта есептеу арқылы барлық сомалар АҚШ долларында, ал, «ЗОЛОТО НОМАДОВ» сақтандыру өнімі бойынша барлық төлемдер мен аударымдар ҚР ұлттық валютасында көрсетілгенін білдіреді.

ЗОЛОТО НОМАДОВ

Өмірді сақтандыруды
инвестициялаңыз!

Толығырақ
Вернуться в начало